
20:17, Сегодня
Надежный источник
Қонаевта тәулігіне 150 тонна ірімшік өндіретін зауыт салынуда

Қонаев қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге бағытталған жаңа өндіріс орнының құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qonaev-gorod Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Инвестициялық жоба аясында тәулігіне 150 тоннаға дейін, ал жылына 40 920 тонна ірімшік өндіруге мүмкіндік беретін заманауи зауыт бой көтеруде.Жобаның жалпы құны 35,3 млрд теңгені құрайды.
Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін шамамен 450 тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Жаңа өндіріс қаланың индустриялық әлеуетін арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қала әкімі Асхат Бердіханов құрылыс алаңына барып, инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Сапар барысында құрылыс жұмыстарының қазіргі кезеңі, инженерлік инфрақұрылымды тарту және өндіріс орнын қажетті коммуникациялармен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Қазіргі уақытта көлемі 31 гектар болатын жер учаскесі толық қоршалып, аумағы 10 мың шаршы метрлік тоңазытқыш қойманың құрылысы жүргізілуде.
Асхат Бердіханов жоба үшін қажетті инженерлік инфрақұрылымды тарту мәселесінде қала әкімдігі тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:08
Вчера
16:16
Вчера
"Небо Байсерке – 2026": в Алматинской области стартовал авиационный фестиваль
Небо Байсерке – 2026
12:11
Вчера
Спецтема
Объявления
17:27, 12 августа
Комментарии