
ДУИС
17:43, 20 января 2024 г.
Надежный источник
Қуат Хамитов және эстрада әншілері Алматы облысындағы колонияға барды
ДУИС

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №12 мекемесіне мерекелік концертпен танымал әншілер мен спортшылар келді.
Аралас жекпе-жектің спорт шебері және MMA файтері Қуат "Найман" Хамитов сотталғандар арасында спорт пен салауатты өмір салтын насихаттап сұхбат өткізді, ал танымал эстрада жұлдыздары Серікбол Сайлаубекұлы, Қазыбек Әдікей, Болатбек Досыбаев, Асқар Жанұзақов және Еркебұлан Махмұт өз концерттік бағдарламаларымен қауіпсіздігі барынша жоғары колониясында концерттік бағдарлама өткізді.
Іс-шара қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Қазақтың туын желбіретіп жүрген спортшы мен эстрада жұлдыздарына екінші дәрежелі мүгедек сотталған Оралбек Омыров өзінің шығарған өлең шумақтарын арнап, мекеме атынан алғыс білдіріп, батасын берді.
"Бүгін міне, ҚР Премьер-Министрінің ҚАЖ мекемелеріне арналған Жол картасы аясында Заречныйдағы мекемелердің біріне келдік. Тағдыр тәлкегіне түсіп жазаларын өтеп жатқан бауырларымызбен сұхбаттасып, қолдау көрсеттік. Бұл жерде талантты, мықты батыр ер азаматтар аз емес, оларға отбасыларына оралуларын тілейміз", - деп атап өтті Қуат Хамитов.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
10:50
Вчера
В Конаеве проходят воинские сборы с военнообязанными
Конаевский гарнизон
10:26
Вчера
10:25
16 июля
День образования Центра разминирования Вооруженных Сил Республики Казахстан отметили в Конаеве
Конаевский гарнизон
09:45
16 июля
В Алматинской области продолжается масштабная работа по модернизации дорожной инфраструктуры
Автодороги
18:28
15 июля
ТОП новости
Новые стандарты отдыха: в Конаеве благоустроят более 6 км побережья
Капшагайское водохранилище
Спецтема
Объявления
07:09, 10 июля
live comments feed...
Комментарии