
19:09, Сегодня
Надежный источник
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" өкілдері "Атамекен" ҰКП қызметкерлерімен кездесті

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалының өкілдері «Атамекен» ҰКП-ның сала қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында ұжымға пациенттердің құқықтары, Пациенттерді қолдау қызметінің жұмысы, емханаға тіркелу тәртібі, МӘМС аясында көрсетілетін медициналық көмектің түрлері түсіндіріліп, сақтандыру мәртебесінің маңызы айтылды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарды өз құқықтарын қорғауға белсенді болуға шақырады. Себебі медициналық көмекке қатысты мәселелер бойынша уақытылы жүгіну әділдікті қалпына келтіріп қана қоймай, жалпы денсаулық сақтау жүйесінің сапасын арттыруға да ықпал етеді. Қор диалогқа ашық және азаматтарды құқықтары бұзылған немесе медициналық қызмет көрсетуден бас тартылған жағдайлар туралы хабарлауға шақырады.
Кез келген жағдайда Пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуге болады. Сонымен қатар, азаматтар 1414 бірыңғай байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Қордың ресми сайты және «Сақтандыр» Telegram-боты арқылы өтініш бере алады», – деді жиында сөз алған филиал директоры Нұрлан Қыдырбаев.
Жиында МӘМС жүйесіндегі жаңашылдықтар, атап айтқанда, халықты жүйемен барынша қамтуға мүмкіндік беретін жаңа шаралар туралы кеңінен айтылды.
Мәселен, енді жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әл-ауқат деңгейі бойынша дағдарыстық және шұғыл жағдайдағы (D және E деңгейлері) санаттарға жататын азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлейтін болады.
Осы шаралардың нәтижесінде 2026 жылы елімізде шамамен 1 миллион адам МӘМС жүйесімен қосымша қамтылмақ. Сонымен қатар, ресми тіркелген жұмыссыздар үшін де жарналар жергілікті бюджет есебінен төленетін болады.

«Қабылданған өзгерістерге сәйкес, 2026 жылдан бастап онкологиялық скринингтер ТМККК тізіміне енгізілді. Осылайша, олар МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар үшін тегін жүргізіледі.
Сондай-ақ 8 әлеуметтік мәні бар ауруға, атап айтқанда, туберкулезге, АИТВ инфекциясына, созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозына, қатерлі ісіктерге, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстарға, орфандық ауруларға, жедел миокард инфарктіне және инсультке күдік болған жағдайда консультативтік-диагностикалық көмек те тегін көрсетілетін болады. Бұған дейін мұндай көмек АИТВ инфекциясы мен туберкулезге күдік болған жағдайда ғана ұсынылатын», – деді филиал директоры Нұрлан Қыдырбаев.
Кездесу барысында ұжым мүшелері тарапынан бірқатар сұрақ қойылып, талқыланды. Қатысушылар жалған медициналық жазбалар, сапасыз медициналық көмек көрсету және сақтандыру мәртебесінің мүмкіндіктері туралы сұрақтарын қойды. Қор өкілдері барлық сауалдарға жан-жақты жауап берді.
Айта кетейік, Алматы облысында Қормен келісімшарт жасасқан 79 медициналық ұйым бар. Олардың қатарында мемлекеттік мекемелермен бірге жекеменшік медициналық ұйымдар да бар. Барлық медициналық ұйымдарда Пациенттерді қолдау қызметі жұмыс істейді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:56
Вчера
17:39
Вчера
17:27
Вчера
17:09
Вчера
ТОП новости
Объявления
Комментарии