
17:17, Сегодня
Надежный источник
Қонаевта 2 мыңнан астам тұтынушыға табиғи газға қосылуға мүмкіндік жасалды

Биыл Қонаевта 6,5 шақырымнан астам жаңа газ желісі тартылды.
Қонаевта көгілдір отынның инфрақұрылымын дамыту жалғасуда. 2 және 18-шағынаудандарда жаңа газ тарату желілері тартылып, 2 227 тұтынушыға табиғи газға қосылуға мүмкіндік жасалды. Оның 945-і бүгінде газға қосылған, деп хабарлайды Qonaev-gorod Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама аясында газбен жабдықтау жүйесін дамытуға 38 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.
2-шағынауданда төмен қысымды 4,5 шақырым газ желісінің құрылысы аяқталды. Мұнда орналасқан 36 үйдің 26-сы газға қосылған. Қалған үйлердегі ішкі монтаж жұмыстары жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталады деп жоспарлануда. 18-шағынауданда да 2 шақырымнан астам газ желісі салынды.
"Бұрын газ баллонын 4 мың теңгеге сатып алып, жеткізуді күтетінбіз. Ол кешкі уақытта таусылып қалса, таңға дейін күтуге тура келетін. Қазір оны тәуліктің кез келген уақытында – түнде де, күндіз де пайдалана аламыз", – деді тұрғын Есенгүл Абдраимова.
1 шілдеден бастап тауарлық газдың көтерме бағасы өзгерді. Бұл ретте, салалық Департаментте атап өткендей, кәсіпорынның газды тасымалдауға арналған тарифтері соңғы бес жылда өскен жоқ.

"Халық үшін сараланған тариф қолданылады. Газдың құны ҚҚС-пен бір текше метр үшін 56,07 теңгені құрайды, бұл – кәсіпорын бойынша тауарлық газдың орташа бағасынан (76,84 тг) төмен", – деді Алматы облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова.
Газбен жабдықтау жүйесін дамыту алдағы уақытта да жалғасады. 2027-2028 жылдарға жабдықтарды жаңғырту және арнайы техника сатып алу жоспарланған. Бұл мақсаттарға шамамен 35 млн теңге қарастырылады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
09:30
12:40
Вчера
09:57
Вчера
Shin-Line Group и AJISEN RAMEN планируют открыть до 50 ресторанов в Казахстане и странах Евразии
Новости компаний
08:48
Вчера
ТОП новости
Объявления
11:20, Сегодня
Комментарии