• Главная
  • AMANAT CUP: Алматы облысында футзалдан депутаттар арасында турнир өтті
Мини-футбол
13:31, 26 февраля
Надежный источник

AMANAT CUP: Алматы облысында футзалдан депутаттар арасында турнир өтті

Мини-футбол
AMANAT CUP: Алматы облысында футзалдан депутаттар арасында турнир өтті, фото-1

Доп додасында 10 команда бақ сынады, деп хабарлайды облыстық AMANAT партиясының баспасөз қызметі.

Қарасай ауданында Алматы облысының барлық деңгейдегі депутаттары арасында футзалдан "AMANAT CUP" чемпионаты өтті. Халық қалаулыларының басынқосқан турнир "AMANAT" партиясының қолдауымен алғашқы ретұйымдастырылды.

AMANAT CUP: Алматы облысында футзалдан депутаттар арасында турнир өтті, фото-2

"Барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары мен қызметкерлері, партия филиалдарының өкілдерінен құралған 10 команда бас жүлде үшін бәсекеге түсті. Тартысты ойынның куәсі болдық. Әрбір ойында бәсекелестік жоғары болды. Біріншіден, бұл қатысушылар үшін жұмыстан тыс уақытта пайдалы басқосу мен депутаттар арасында достық қарымқанас орнату болса, екіншіден, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Бұдан бөлек көктемде волейболдан турнир ұйымдастырмақшымыз", – дейді облыстық партия филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев.

AMANAT CUP: Алматы облысында футзалдан депутаттар арасында турнир өтті, фото-3

Жарыс қорытындысы бойынша, бас жүлдені Қарасай аудандық мәслихатдепутаттары жеңді. Екінші орынды Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатдепутаттары, ал үшінші орынды Кеген аудандық мәслихат депутаттарынанқұралған команда иеленді.

AMANAT CUP: Алматы облысында футзалдан депутаттар арасында турнир өтті, фото-4

Бұдан бөлек, 5 номинация бойынша үздік ойыншылар марапатталды. Жалпы ойынның қорытындысы бойынша Қарасай аудандық мәслихат депутаты Бекжан Сүнбеков қарсыластар қақпасына 13 гол соғып, турнирдің "Үздік сұрмерген" атанды. Ал 62 жастағы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат төрағасы Бекет Ахметов "Үздік ойыншы" аталымы бойынша марапатталды.

"Әдемі, әсерлі, қызықты ойын болды. Біз өте мықты қарсыластармен бақ сынастық. Ойын командалық рухты көтерді. Чемпионат салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға шақырады. Депутаттардың өзара ынтымақтастығына ықпал етеді", – дейді Бекет Ахметов.

Сонымен қатар, "Үздік қақпашы" – Райымбек аудандық мәслихаты аппаратының қызметкері Рашид Зординов, "Үздік қорғаушы" – Қарасай аудандық мәслихат депутаты Абылай Зуайда, "Үздік шабуылшы" – Кеген аудандық мәслихаты аппаратының қызметкері Ернұр Сабырбеков болды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...