• Главная
  • "Аңсаған сәби": Биыл Алматы облысында 532 квота бөлінді
17:42, 11 марта
Надежный источник

"Аңсаған сәби": Биыл Алматы облысында 532 квота бөлінді

"Аңсаған сәби": Биыл Алматы облысында 532 квота бөлінді, фото-1

Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, биыл өңірдегі 532 отбасыға "Аңсаған сәби" бағдарламасы игілігін көру мүмкіндігі берілген.

Президент пәрмені сәбиді аңсап жүргендер талай отбасыға үміт сыйлағаны анық. Мәселен, 2022-2023 жылдары 19 000-нан аса әйелге ЭКО жасалыпты. Олардың 7000-нан астамы жүкті болған. Айта кетейік, эко орталықтарына қаржы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы төленеді.

Былтыр Алматы облысында 523 отбасы тегін экоға қол жеткізді. Биыл олардың саны артып отыр. Жалпы, экстракорпоральды ұрықтандыру еліміздегі 19 клиникада жүргізіледі. Оның 7-уі Алматы қаласында. Алматы облысында әзірге ондай орталықтар жоқ. Алматы облысындағы отбасылар осы клиникалар көмегімен балалы болуға тырысып жатыр.

Квота алғысы келетін пациенттің мәртебесі сақтандырылған болуы тиіс. Алдымен сәби сүйгісі келетін жұп репродуктологтың кеңесіне бару керек. Оған жолдаманы өз емханасындағы гинеколог береді. Қажетті тексерілулерден соң, пациенттің ЭКҰ жасауға көрсеткіштері сай келсе, құжаттарды жинап, дәрігерлік-консультациялық комиссиядан өтеді.

Комиссия оң шешім шығарған жағдайда, жұп кезекке тұрады. Былтыр облыс орталығында 30-ға жуық әйел мемлекет игілігін көрді, яғни тегін эко жасалды.

Жылына МӘМС аясында 1 рет тегін экоға ие болады. Талпынысы сәтсіз аяқталған жағдайда келесі жылға кезекке тұра алады. Оның үстіне жасанды ұрықтандыру қызметіне (ЭКҰ) бірнеше рет жүгінетін отбасылар болады.

Кез келген отбасына бұл мүмкіндік беріле бермейді. Мысалы, қан қысымының ІІ, ІІІ дәрежелі аурулары, қант диабетінің ІІІ дәрежелі ауруы, психологиялық дерті бар аналық жасушасының ақаулары бар, қатерлі ісікке шалдыққан, инсульт алған әйелдерге болмайды. Өйткені, келіншектің өміріне қауіпті болып саналады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...