
19:27, 15 марта 2024 г.
Надежный источник
"Бауырсақ party": Қонаевта 2 000 келі бауырсақ пісірілді

Қонаев қаласында Әз-Наурыз мерекесі кең көлемде тойланып жатыр. Кеше қала жұртшылығы "Көрісу күнін" атап өтсе, бүгін ұлттық тағамдарымызды насихаттау мақсатында "Бауырсақ party" ұйымдастырылды.
Аталған шара мәдениет қызметкерлерінің ұйытқы болуымен қалалық кітапханада өтті. Бұдан бөлек, Шеңгелді және Арна ауылдарында ұйымдастырылды. Кәсіпкерлер де қалыспай, дәмханаларда келушілерге ұлттық тағамды ұсынды.

Барлығын қоса есептегенде бүгін 2000 келі бауырсақ пісірілді.
Арна ауылында өткен "Бауырсақ party" көрісу рәсіміне ұласты. Қазақы мәдениеттен сыр шертетін рәсімге ауыл халқы қуана қатысып, белсенділік танытты. Жұрт бауырсақ жеп, наурыз көжеден де дәм ауыз тиді.

Той өнерпаздардың ән-жыр, би шашуына жалғасты. Жиналған жұртшылыққа қатымханада ауызашар да берілді.
Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Военнослужащие войсковой части 58012 отметили "Көрісу күні – Амал мерекесі"
Конаевский гарнизон
10:17
Samsung объявляет о старте конкурса стартапов для школьников Solve For Tomorrow 2026
Новости компаний
23:11
Вчера
22:42
Вчера
В Алматинской области открыли две современные амбулатории и вручили ключи от 132 квартир
Алматинская область
19:47
Вчера
18:38
Вчера
17:59
Вчера
ТОП новости
Семь спортсменов представят Казахстан на XIV зимних Паралимпийских играх-2026
Паралимпийские игры
Объявления
06:57, 3 марта
13:55, 5 марта
Комментарии