• Главная
  • Алматы облысы бойынша 400 ге жуық бала аутизм дерті бойынша тіркеуде тұр
Аутизм
22:44, 3 апреля
Надежный источник

Алматы облысы бойынша 400 ге жуық бала аутизм дерті бойынша тіркеуде тұр

Аутизм

Биыл өңірде аутизмге шалдыққандар саны 25 пайызға ұлғайған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" ШЖҚ МКК директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Райгүл Тленова мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, баланың бойынан байқалатын аурудың бірінші белгісі - қарым-қатынас қабілетінің болмауы. Сондай-ақ бала зер салмаса, есімін атағанда қарамаса, эмоциясын көрсетпесе,ата-ана мұны дабыл деп қабылдау керек.

Мұндай қылықтарды баланың бойынан 1,5-2 жасында аңғаруға болады. Егер осындай белгілер байқалса, мамандарға жүгінген дұрыс.

Ақ халатты жандардың айтуынша, емдеу жолы беймәлім аутизмге шалдыққан балалардың саны жыл санап артып келеді.

"Қазіргі таңда аутизмге шалдыққан 391 бала, 6 ересек адам тіркеуде тұр. Бұл ретте "Қамқорлық" бағдарламасы аясында Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарында ерте араласу және оңалту орталығы жұмыс істейді. Былтыр аутизмге шалдыққан 15 бала оңалтудан өткен. Бұдан бөлек, Талғар ауданында орналасқан "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" жанынан аутизмге арналған қосыша кабинет ашу жоспарлануда", - деді Райгүл Тленова

Райгүл Тленованың сөзінше, аутизм диагнозы қойылған балалар қоғам және мемлекет қолдауына мұқтаж. Бүгінде БҰҰ шешіміне сәйкес, 2008 жылдан бастап 2 сәуір күні аутизм туралы ақпарат тарату күні аталып өтіледі.

Алматы облыстық ДСБ баспасөз қызметі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...