
16:49, 10 апреля 2024 г.
Надежный источник
"Таза өлке": ардагер ұстаз экологиялық науқанға қатысты

Бүгін – "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған "Таза өлке" апталығының үшінші күні.
Бұл күні қаладағы білім беру ұйымдарының, "Атамекен" ҰКП-ның қызметкерлері, этно-мәдени орталықтардың мүшелері (жалпы саны – 60-тан астам адам) Сидранский мен Достық көшесін жалғайтын аллеяны қоқыстан тазартты.

Науқанға қатысушылардың бірі ардагер ұстаз Бақыт Нұрмағанбетова болды.
"Қонаев қаласының тұрғыны ретінде және ардагер ұстаз ретінде оқушыларды, жалпы жұртшылықты үнемі қала тазалығын сақтауға, қоқысты даладағы арнайы жәшіктерге тастауға шақырамын. Мұндай шаралар жиі ұйымдастырылып, халық арасында кеңінен насихатталуы тиіс. Бүгін мен де өз үлесімді қосу үшін арнайы келдім", – деді ұстаз.
Айта кетейік, "Таза Қазақстан" науқаны 5 аптаға жалғасады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
16:03
Вчера
10:10
Вчера
23:47
11 марта
23:25
11 марта
21:08
11 марта
17:50
11 марта
В Казахстане стартует акция "Nauryz Sale": жителей Алматинской области ждут скидки до 70%
Nauryz Sale
15:43
11 марта
ТОП новости
Семь спортсменов представят Казахстан на XIV зимних Паралимпийских играх-2026
Паралимпийские игры
Объявления
13:55, 5 марта
06:57, 3 марта
Комментарии