• Главная
  • Қонаевта жер учаскелері түгенделіп жатыр
19:09, 2 мая
Надежный источник

Қонаевта жер учаскелері түгенделіп жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаладағы жерлерді тиімді әрі мақсатты пайдалану, бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару – басты міндет. Қонаевта да аталған бағыттағы жұмыстар жүріп жатыр.

Қазіргі таңда мәселе туындап отырған бірнеше жер учаскелері бар. Мысалы, 18 шағын ауданда мәдени-ойын-сауық орталығына арналған жердің нысаналы мақсаты тұрғын үй құрылысына өзгеріп кеткен. Қазір мұнда аумағы 0,10 гектардан 6 жер иесі бар.

Бұған дейін осы жердегі ағаштарды кесу және құрылыс жұмыстары әкімдік тарапынан тоқтатылған болатын. Бұл мәселені жер иелеріне басқа шағын ауданнан жер беру арқылы шешу көзделіп отыр.

Сонымен қатар Индустриальная көшесі 108В учаскесі 2021 жылы рәсімделген. Қазір мұнда кафе салынып жатыр. Алайда, көршілес жер пайдаланушылардан арыз-шағымдар түскен. Сондықтан Алматы облыстық жер ресурстарын басқару департаменті берген талап-арыз негізінде сот процесі Қонаев қалалық сотында қаралып жатыр.

Бұдан бөлек, аквапарк жанындағы пайдаға аспай жатқан жер, жол салынуы тиіс жерге басқа нысан салынып жатқан аумақ та қала әкімдігінің бақылауына алынды.

Қонаев қаласының Бас жоспарына сай жұмыс жүргізу үшін шаһардағы жер учаскелерінің барлығына мониторинг жүргізіліп, түгенделеді. Биыл пайдаланылмай жатқан 7000 гектар жерді мемлекет меншігіне алу жоспарланған, оның 2 мыңнан астам гектары қайтарылып, мақсатты жұмыс атқарылуда.

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...