• Главная
  • Қазақстандықтар ХҚКО-ға кезектің электрондық талондарын алудыжөн көреді
14:44, 10 мая
Надежный источник

Қазақстандықтар ХҚКО-ға кезектің электрондық талондарын алудыжөн көреді

Қазақстандықтар ХҚКО-ға кезектің электрондық талондарын алудыжөн көреді, фото-1

Кезектің электрондық талондарын алу сервисі 2022 жылдың сәуір айындаенгізілді, өткен жылы 60 мыңнан астам талон алынған.

Соңғы 5 айда бұлкөрсеткіш айтарлықтай өсті: 2023 жылдың желтоқсанында пайдаланушылар3 мыңға жуық талон алса, ал сәуірде – 12 жарым мыңнан астам талон алынған.

Айта кетейік, кезектің электрондық талонын "ХҚКО" қосымшасы арқылыресепшн бағанындағы QR-кодты сканерлеу арқылы алуға болады. Ол үшінқосымша арқылы халыққа қызмет көрсету орталығына алдын ала онлайн брондау рәсімделуі қажет. Сондай-ақ, қызмет екінші деңгейлі банктіңқосымшаларының бірінде қолжетімді.

"Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландырубойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда көптеген қызметтердіүйден шықпай-ақ онлайн режимінде алуға болады. Егер тек ХҚКО-да көрсетілетін қызмет болса, онда кезекті алдын ала брондап, жазылғануақытта келуге болады. Бұл жағдайда ресепшендегі маманға жүгінудің қажетіжоқ. Азамат кезектің электрондық талонын өз бетінше ала алады. Осылайша, сіз көрсетілетін қызметті алушылардың уақытын ғана емес, сонымен қатарталондарды шығаруға кететін қағазды да үнемдей аласыз", - деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Электрондық талондарды жиі қолданатын үш ХҚКО Алматы қаласыныңМедеу ауданында, Түркістан облысының Сайрам ауданында және Қарағандықаласының Чкалов көшесінде орналасқан.

2024 жылы "Азаматтарға арналған үкімет" "ХҚКО" мобильдікқосымшасын қолдану тәжірибесін талдап, оны клиенттерге ыңғайлы болу үшін қайта өзгертуге ниетті. Қазіргі уақытта қосымшаның негізгіфункциялары – кезекті электронды брондау және ХҚКО операторыныңбейнеқоңырауы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету болып табылады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

ТОП новости
Ежегодно в Алматинской области выявляется более 100 случаев рака шейки матки, из которых около 40 заканчиваются летальным исходом
Вакцинация
Председатель суда Конаева приговорен к четырем годам заключения за мошенничество
Приговор
В Алматинской области состоялась встреча акима области Марата Султангазиева с предпринимателями региона
Атамекен
Лекарства на сумму 507 млн ​​тенге выдали бесплатно пациентам Алматинской области
ОСМС
Объявления
live comments feed...