• Главная
  • Қонаев гарнизонының инженерлік-саперлік бригадасында салтанатты митинг өткізілді
11:15, 25 мая
Надежный источник

Қонаев гарнизонының инженерлік-саперлік бригадасында салтанатты митинг өткізілді

Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдық мерейтойы Қазақстан үшін маңызды мерекелердің бірі.

Ол Тәуелсіз Қазақстан армиясының тұңғыш қорғаныс министрі және тұңғыш генералы, мемлекет және саяси қайраткері. Сағадат Нұрмағамбетовтың елдің тарихы мен дамуына қосқан үлесі зор. 25-ші мамыр батырдың дүниеге келген күні.

Қонаев гарнизонында инженерлік-саперлік бригаданың әскери қызметшілері тәуелсіз Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған салтанатты митинг өткізді.

Қонаев гарнизонының инженерлік-саперлік бригадасында салтанатты митинг өткізілді, фото-1

Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін орындауда ерекше шеберлік пен батылдық танытқан сарбаздар, сержанттар мен офицерлер марапатталды. Олар тапсырмаларды үздік орындағаны үшін, кәсібилігі мен өз ісіне адалдығы үшін Құрмет грамоталары мен медальдарға ие болды. Мұндай іс-шаралар жеке тұлғалардың жетістіктерін атап өтуге ғана емес, сонымен қатар бүкіл бригаданың жауынгерлік рухы мен жауынгерлік қабілетін сақтауға ықпал етеді.

Қонаев гарнизонының инженерлік-саперлік бригадасында салтанатты митинг өткізілді, фото-2

Инженерлік-саперлік бригаданың әскери қызметшілері ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ұлттық мүддені қорғауда бар күштерін салып жүрген отан қорғаушылар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...