
20:45, 14 августа 2024 г.
Надежный источник
Қонаев қаласында "Бір ауыл – бір өнім" жәрмеңкесі өтеді

Алматы облысының 9 ауданынан келетін жергілікті шикізатты пайдалана отырып, өз өнімдерін өндіріп жүрген кәсіпкерлердің тауарлары қойылатын көрме Қонаев қаласында өткізілмек.
Жалпы, көрме "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өтеді. Өздеріңіз білетіндей, "Бір ауыл – бір өнім" көрмесі алғаш рет Жапония елінен бастау алып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға біршама үлес қосқаннан кейін, бұл жоба өзге де елдерде жүзеге асырыла бастады.
Қазіргі кезде кәсіпкерлікке қызығушылық танытып, алайда, кәсіп бастаушы ауылдық аймақтарда тұрған жағдайда, бұл жоба ауыл тұрғындарына – өте қолайлы мүмкіндік. Себебі, қатысушы аймақтың ерекшеліктерін көрсететіндей, жергілікті ресурстарды пайдалана отырып өнім шығарған жағдайда, мемлекеттен қаржылай қолдау алып, сертификатталып және маркентигтік сүйемелдеуге де ие бола алады.
Айта кетейік, облыс бойынша Қонаев қаласында өтетін көрмеге 30-дан аса кәсіпкер қатысады.
Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жоба, бәсекеге қабілетті кәсіпкерлердің сапалы өнім өндіруіне септігін тигізеді.
"Бір ауыл – бір өнім" көрмесі Алматы облысының барлық аудандарында өтті. Ендігі кезек, жобаның мақсаты мен талаптарына сай келетін кәсіпкерлердің өнімдері іріктеліп, Қонаев қаласының орталық алаңында жергілікті өнімдердің көрме-жәрмеңкесі өткізілмек.
Қатысушылар көрме-жәрмеңкеде бағалау кезеңінен өтіп, бренд-комитет мүшелерінің шешімімен жоба финалистері таңдалынады. Жеңімпаздар жәрмеңке өткеннен кейін 10 күн ішінде комиссияның дауыс беру нәтижелері бойынша анықталады. Нәтижесінде, жеңімпаз мемлекет тарапынан кәсіпкерлік оқудан өтіп, өз кәсібін дөңгелетуге қаржы ұтып алу мүмкіндігіне ие.
Еске сала кетейік, Отандық тауар өнідірушілердің, яғни облысымыздың ерекше өнімдері мен түрлі бұйымдардың куәсі болғыңыз келсе, сіздерді Қонаев қаласының Орталық алаңында 22-тамыз күні сағат 10:00-де күтеміз.
Ермекқызы Назерке, Алматы облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Дизайн мышления для школьников: Как прошла ментор-сессия Solve For Tomorrow 2026 в Астане
Новости компаний
22:00
Вчера
21:17
12 июня
12:23
12 июня
10:27
12 июня
18:27
11 июня
ТОП новости
Пустошь на Капчагае: Безумный Макс по-казахстански ворвется в Конаев этой ночью… точнее, этим летом!
DRIVE FORUM GREAT ORDA
В Конаеве готовится к открытию современный Кардиологический центр
Кардиологический центр
Объявления
Комментарии