• Главная
  • Астана қаласында Мемлекеттік айыптаушылардың екінші форумы басталды
12:12, 27 сентября
Надежный источник

Астана қаласында Мемлекеттік айыптаушылардың екінші форумы басталды

Астана қаласында Мемлекеттік айыптаушылардың екінші форумы басталды, фото-1

Бас прокуратурада Мемлекеттік айыптаушылардың екінші республикалық форумы өтті.

ҚР Президентінің көмекшісі Е.Н.Жиенбаев, Конституциялық Соттың Төрағасы Э.Ә. Азимова және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Е.Ластаев құттықтау сөз сөйледі.

Жұмысқа Жоғарғы және Конституциялық соттардың, Республикалық адвокаттаралқасының өкілдері, Парламент депутаттары, көрнекті заңгер ғалымдар мен өңірлікпрокуратуралардың қызметкерлері де қатысты.

Форумды аша отырып, Бас Прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысы 2022 жылғынаурызда Қазақстан халқына жолдауында Әділетті Казақстанды қалыптастыруда негізгіқадамдардың бірі болып табылатын сот төрелігін жүзеге асыруға азаматтық қатысудыкеңейтуді тапсырғанын атап өтті.

Қадағалау ведомствосының басшысы: "Бүгінгі таңда Қылмыстық кодекстің 40-тан аса баптары алқабилер сотында қаралатын ауыр және аса ауыр қылмыстар құрамдарынқамтиды.

Жалпы, елімізде алқабилер соты институты 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Оғаназаматтардың сенімі жыл сайын артып келеді", - деп атап өтті.

Астана қаласында Мемлекеттік айыптаушылардың екінші форумы басталды, фото-2

Осы орайда прокурорлар мен адвокаттардың біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекшеназар аудару қажет. Олардың сауатты және белсенді қатысуы тараптардың жарыспалылығын арттыруға жәнезаңдылықты нығайтуға ықпал етуі керек.

Сонымен қатар Бас Прокурор прокурорларды кәсіби даярлаудың ерекше маңыздылығынатап өтіп, мемлекеттік айыптаушыларды алдын ала дайындау керектігін баса айтты.

Сондықтан ол салалық Қызмет пен Құқық қорғау органдары академиясына өз жұмысынтыңдаушыларға шешендік өнер мен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын үйретугебағыттауды тапсырды.

Форумда сондай-ақ алқабилер сотын дамыту перспективалары, алқабилердің жекедеректерінің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету, олардың қылмыстық процестегірөлін нығайту және тағы басқа мәселелер талқыланды.

Астана қаласында Мемлекеттік айыптаушылардың екінші форумы басталды, фото-3

Судьялар, адвокаттар, практик-заңгерлер мен прокурорлар алқабилер институтын дамыту, қылмыстық процестегі тараптардың жарыспалылығын арттыру мәселелері және басқа да өзекті мәселелер бойынша баяндамалар жасады.

Форумның бірінші күнінің қорытындысы бойынша қатысушылар алқабилер сотындамытудың көтерілген мәселелерін шешу және сотта мемлекеттік айыптау сапасынарттыру бойынша ұсынымдар әзірледі.

Астана қаласында Мемлекеттік айыптаушылардың екінші форумы басталды, фото-4
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...