
12:12, 6 октября 2024 г.
Надежный источник
Қонаевтағы референдумда 70 жасар қария бата беріп, өз таңдауын жасады

Тұрыспек Доспанбетов қаладағы №949 референдум учаскесінде өз таңдауын жасап, сол жерде қызмет етіп жүрген жандарға, тұрғындарға батасын берді.
Қария 1955 жылы Іле ауылында дүниеге келген. Кейіннен Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. Қапшағай қаласында 17 жыл бойы ішкі істер органдарында қызмет атқарған. Одан бөлек, облыста бірнеше лауазымдарда болған.
Ол 2015 жылы Қапшағай қаласының Құрметті азаматы атағын алған. Ал 2020 жылы "Қапшағай қаласына 50 жыл" арнайы төсбелгісімен марапатталған. Бүгінде қария Ақсақалдар кеңесінің белді мүшесі ретінде қоғам өміріне белсенді қатысып жүр.
Қонаев қаласы атамыздың көз алдында өсіп, дамыған. Сондықтан кез келген сайлау, референдумға қатысу Тұрыспек Доспанбетов үшін маңызды шараның бірі.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Шесть военнослужащих Конаевского гарнизона получили десятидневный отпуск
Конаевский гарнизон
22:14
19:24
1 сентября
16:07
1 сентября
11:46
1 сентября
ТОП новости
Марат Султангазиев посетил Райымбекский район
Райымбекский район
200 первоклассников получили помощь в рамках акции "Соберем детей в школу"
Благотворительность
Объявления
Комментарии