11:38, 10 ноября
Надежный источник
Скринингтік зерттеулер 320 науқастың ауыр дертін анықтады
Қонаев қаласында қатерлі ісік ауруына шалдыққандар саны көбейді. Бұл – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жүргізілетін скринингтік зерттеулер нәтижесінде анықталып отыр. Абырой болғанда дәрігерлер сырқатты ерте сатысында байқаған. Қазір науқастар ем алу үстінде.
Қазір Алматы облысының орталығында қатерлі ісікке шалдыққан 677 адам тіркеуде тұр. Оның 160-тан астамы сүт безі обырымен ауырады. Дәрігерлер ақпарынша, мұндай сырқат көбінде скринингтік зерттеулер барысында анықталады.
Мәселен, жыл басынан ондай тексерістен өткен әйелдердің 7-уінде аты жаман омырау табылып отыр. Ол дәстүрлі жүргізілетін скрининг нәтижесінде анықталып отыр. Бұл процедура міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімді шараларының бірі.
"Онкопатологияны ерте анықтауда скринингтің маңызы зор. Бастысы – азаматтардың МӘМС жүйесінде "сақтандырылған" мәртебесі болуы. Көп әйелдер бұл зерттеуге келуден қорқады. Мұндағы себеп – ауруларын анықтап алады деп ойлауы. Ерте сатысында дертті табу – оны толыққанды емдеудің бірден бір жолы.
Биыл мысалы, сүт безі обырына шалдыққан тұрғындардың ауру деңгейі - І, ІІ саты. Бұл дегеніміз – науқасқа 10-15 жыл ғана өмір сүре алады деген сөз", - қалалық көпсалалы ауруханасы радиациялық диагностика бөлімінің меңгерушісі Батырхан Омаров.
Мамандар әйелдер арасында дәл осы сүт безі обыры, ал одан кейінгі кезекте жатыр мойны ісігі жиі кездесетінін айтады. Ал ер адамдар асқазан және тоқ ішек қатерлі ісігімен көп аурады – дейді ақ халаттылар. Сондықтан, аурухана басшылығы Қонаев қаласы және оған қарасты ауыл тұрғындарының скринингтен өтуін ерекше қадағалауға алған.
"Скринингтер белгілі бір ауруларға және белгілі бір жас топтарына өткізіледі. Биыл кезең-кезеңімен 436 10 адамды тексердік. Бізге тіркелген ауыл халқы да қамтылады. Заречный, Шеңгелді ауылдық округтері және Кербұлақ ауылының тұрғындарын көлікпен қамтамасыз етіп, ауруханамызға алдырамыз.
Қазірде көп аурулар жасарып келеді. Сондықтан тұрғындарды денсаулықтарына бей-жай қарамауға шақырамыз. Скринингтен өту үшін мекенжай бойынша тіркелген емханаға хабарласу керек. Ол үшін әр емханада скринингтік бөлмелер бар. Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы міндетті", - дейді қалалық көпсалалы аурухананың меңгерушісі Гүлзира Қарпықбаева.
Скринингтік тексерулер жыл 12 ай өткізіледі. Биыл бағдарлама нәтижесінде 320 науқастан ауыр дерт анықталып, олар есепке алынған. Көрсеткішке сүйенсек, сүт безі қатерлі ісігінен бөлек, 265 адамның қанайналым жүйесі бұзылып, 13 тұрғын қант диабетіне шалдыққаны анықталып отыр.
Ал көздің ішкі қысымының жоғары көтерілуінен болатын созылмалы көз ауруы, суқараңқы, 36 азаматта тіркеліпті. Бүгінде бұл науқастардың барлығы "Д" есепке алынып, қажетті ем-дом тағайындалған.
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Борьба с коррупцией: принципы прозрачности и этики в действии
Борьба с коррупцией
20:34
Вчера
12:18
Вчера
11:50
Вчера
11:34
Вчера
15:54
8 декабря
Казахстан готовится к новогодним распродажам: рекордный импорт товаров и елок
Новогодние распродажи
13:27
8 декабря
Как казахстанцы отдохнут на Новый год
Выходные дни
12:20
8 декабря
Спецтема
Объявления
15:02, 30 ноября
live comments feed...
Комментарии