
21:03, 9 января
Надежный источник
Қонаевтағы орталық саябаққа Б.Соқпақбаевтың есімі берілді
Былтыр балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Қонаевта ұлы тұлғаны есімі әлі де ұлықталуда.
Бұл саябақ 2023 жылы 25 қазанда күрделі жөндеуден өтіп, қолданысқа берілген болатын. Аумағы - 8 гектар. Паркте субұрқақтар, сахна, көрермен орны, дүңгіршектер, түрлі шағын сәулеттік нысандар қойылған.
Саябақ заманауи стильдегі жабдықтармен жабдықталған. Оның қатарында орындықтар, жарық шамдары, қоқыс жәшіктері бар. Сондай-ақ күрделі жөндеуден өткенде мұнда қосымша 584 түп ағаш егілген. Бұл саябақта спорт алаңы мен футбол алаңы да салынған.
2024 жылдың соңында орталық саябақта Б.Соқпақбаев пен оның танымал туындысы "Менің атым Қожаның" шағын сәулеттік нысаны ашылса, 11 қаңтар күні мұз айдыны қолданысқа берілмек. Сонымен қатар қаладағы Центральная көшесіне жазушының есімі берілген болатын.
Айта кетейік, Б.Соқпақбаев (1924-1991) - қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, аудармашы. Ол балалар мен жасөспірімдерге арналған әдебиеттің дамуына үлкен үлес қосқан.
Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
11:47
18:24
Вчера
Мажилис одобрил во втором чтении поправки в Налоговый кодекс
Налоговый кодекс
18:00
Вчера
20:47
29 апреля
12:39
29 апреля
Страховые организации Казахстана заработали 54 млрд тенге чистой прибыли за I квартал 2025 года
Страхование
21:10
28 апреля
Спецтема
live comments feed...
Комментарии