
11:20, 1 мая 2025 г.
Надежный источник
ҚАЖ саласында халықтар достығының мерекесі

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды Департамент баспасөз қызметі.
Қазақстан – жүзден аса ұлт пен ұлыстың бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан бірегей ел. Бұл – бейбітшілік пен келісімді, сыйластық пен ынтымақты ту еткен мемлекетіміздің басты құндылықтарының бірі.
Осы ұстанымды басшылыққа алған Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ерекше мәдени шара ұйымдастырды.
Мерекелік іс-шара аясында департамент қарамағындағы мекемелер мен жеке құрам қызметкерлері әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық дәстүрлері мен мәдени құндылықтарымен танысты.
Шараның басты мақсаты – ел ішіндегі ұлтаралық келісімді дәріптеу, ҚАЖ саласындағы мәдени әртүрлілікті көрсету және ұлттар арасында бірлік пен татулықты нығайту болды.
Іс-шара барысында:
- ҚАЖД қазақ ұлтының салт-дәстүрін,
- №10 мекеме әзірбайжан халқының мәдениетін,
- №12 мекеме – орыс ұлтының ұлттық ерекшеліктерін,
- №14 мекеме – кәріс халқының әдет-ғұрыптарын,
- №49 мекеме – Беларусь мәдениетін,
- №57 мекеме – өзбек халқының салт-дәстүрін,
- №71 мекеме – ұйғыр ұлтының ұлттық мәдениетін көпшілік назарларына ұсынды.
Киім үлгілері, ұлттық тағамдар, салттық рәсімдер мен ән-билер арқылы қатысушылар өзге ұлттар туралы мол мағлұмат алып, Қазақстан халқының бай мәдени мұрасын тереңірек танып білді.
"Бұл бастама – ҚАЖ қызметкерлерінің да ел бірлігі мен тұрақтылықты нығайту жолындағы белсенді атсалысып жатқанын айқын дәлелдеді. Тәртіп пен талап қатаң сақталатын ортада осындай рухани бастамалардың жүзеге асуы – қоғамдағы жарасымды ахуалдың көрінісі", - деп атап өтті ҚАЖД бастығы Рысбек Тургумбаев.
Іс-шара соңында қатысу қызметкерлер Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассаблеясының алғыс хаттарымен марапатталды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
12:45
Вчера
Дизайн мышления для школьников: Как прошла ментор-сессия Solve For Tomorrow 2026 в Астане
Новости компаний
22:00
13 июня
20:56
13 июня
21:17
12 июня
12:23
12 июня
10:27
12 июня
ТОП новости
Пустошь на Капчагае: Безумный Макс по-казахстански ворвется в Конаев этой ночью… точнее, этим летом!
DRIVE FORUM GREAT ORDA
В Конаеве готовится к открытию современный Кардиологический центр
Кардиологический центр
Объявления
Комментарии