
22:25, 2 мая 2025 г.
Надежный источник
Алматы облысының ҚАЖ мекемелерінде рухани тәрбиелік кездесу өтті

Алматы облысы Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелерінде жазасын өтеушілермен кезекті топтық және жеке кездесулер өтті.
Іс-шараның басты тақырыбы – "Дәстүрлі ислам нормалары мен қазақ ұлттық мәдениетінің өзара байланысы" болды.
Дәрісті Алатау қаласындағы Заречный мешітінің бас имамы Әдембек Бейсенбек жүргізіп, қатысушыларға дәстүрлі исламның құндылықтары мен қазақ халқының мәдени мұралары арасындағы үйлесімділік туралы мазмұнды түсініктеме берді.

Сонымен қатар, бас имам жазасын өтеушілердің рухани-адамгершілік көзқарасын қалыптастыру мен психологиялық саулығына да ерекше назар аударды.
"Мұндай кездесулер сотталған азаматтардың дүниетанымын кеңейтіп, теріс діни ағымдардың ықпалынан қорғануға ықпал етеді. Бұл – қылмыстық-атқару жүйесінде дерадикализация мен оңалту шараларын жүзеге асырудағы маңызды бағыттардың бірі.
Алдағы уақытта да осындай кездесулердің жиілігін арттыру жоспарланып отыр",- деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Бақытжан Шәріпбеков.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
12:45
Вчера
Дизайн мышления для школьников: Как прошла ментор-сессия Solve For Tomorrow 2026 в Астане
Новости компаний
22:00
13 июня
20:56
13 июня
21:17
12 июня
12:23
12 июня
10:27
12 июня
ТОП новости
Пустошь на Капчагае: Безумный Макс по-казахстански ворвется в Конаев этой ночью… точнее, этим летом!
DRIVE FORUM GREAT ORDA
В Конаеве готовится к открытию современный Кардиологический центр
Кардиологический центр
Объявления
Комментарии