
16:05, Вчера
Надежный источник
Сарапшы: МӘМС заңындағы өзгерістер медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне енгізілген соңғы заңнамалық өзгерістер еліміздің жалпы денсаулық сақтау саласына, соның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) көрсететін ұйымдардың жұмысына да оң әсерін тигізеді.
Бұл туралы Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте денсаулық сақтау саласының сарапшысы, Шелек ауылының №1 Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасының директоры Гүлнара Құраметова мәлімдеді.
"Біріншіден, халықты МӘМС жүйесімен барынша қамтуға мүмкіндік беретін жаңа шаралардың қабылдануы және қаржыландыру тетіктерінің жақсаруы – МСАК ұйымдары қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге ықпал етеді. Бұрын тек республикалық деңгейдегі клиникаларда көрсетілетін диагностикалық қызметтер бүгінде аудандық деңгейге дейін қолжетімді болып отыр. Бұл, бір жағынан, пациенттердің уақытылы және сапалы көмек алуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан, емханалардағы жүктемені азайтуға жол ашады.
Екіншіден, Мемлекет басшысы 2024 жылғы Жолдауында азаматтардың денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында "Бірыңғай медициналық көмек пакетін" әзірлеуге ерекше назар аударды", – деді сарапшы.
Гүлнара Съездбекқызының айтуынша, аталған бастама аясында 2026 жылдан бастап онкологиялық скринингтер МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесіне қарамастан, еліміздің барлық азаматтары үшін тегін көрсетілетін болады.
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар сегіз ауруға (туберкулез, АИТВ, созылмалы вирусты гепатиттер мен бауыр циррозы, қатерлі ісіктер, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар, орфандық аурулар, жедел миокард инфаркті, инсульт) күдік туындаған жағдайда да консультативтік-диагностикалық көмек тегін ұсынылады.
Бұған дейін мұндай көмек тек АИТВ мен туберкулезге күдік болғанда ғана көрсетілетін. Бұл өзгерістер медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, халықтың уақытылы медициналық қызмет алуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан әлеуметтік осал топтарды қолдаудың нақты тетігіне айналмақ. Аталған жаңалықтар ауылдық аймақтарда профилактика мен ерте диагностиканы жақсартудың нақты көрсеткіші болады.
Спикердің сөзінше, үшіншіден, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының рөлі арта түсуде. Енді бұл мекемелер тек науқастарды қабылдап, әрі қарай жолдама беруімен шектелмей, аурудың алдын алу, өз деңгейінде клинико-диагностикалық тексеру жүргізу, нақты диагноз қою және науқастың саулығын бақылау сияқты маңызды функцияларды орындайды.
"Осының барлығы – еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудың жаңа кезеңі. Біздің мақсатымыз – осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы халықтың медициналық қызметтерге деген сенімін арттыру және сапалы көмек көрсету", – деп түйіндеді сарапшы.
ӘМСҚ КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Военная полиция провела профилактическое мероприятие в Конаевском гарнизоне
Конаевский гарнизон
11:28
13:33
21 июля
11:38
21 июля
Развитие регионов: аким Алматинской области оценил ключевые проекты на местах
Алматинская область
17:03
20 июля
ТОП новости
Спецтема
Объявления
07:09, 10 июля
live comments feed...
Комментарии