
17:40, Сегодня
Надежный источник
Алматы облысының полициясы қысқы киім үлгісіне көшті

Алматы облысы Полиция департаментінің жеке құрамы қысқы киім үлгісіне көшті. Осыған байланысты департаментте полиция қызметкерлерінің саптық байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Полиция департаментінің бастығы қызметкерлердің сыртқы келбетін, қызметтік куәліктерін, нысанды киімдерінің толықтығы мен жағдайын жеке тексерді. Сондай-ақ қызметтік автокөліктердің техникалық жай-күйі және олардың қысқы кезеңде пайдалануға дайындығы назарға алынды.
Саптық байқау кезінде жеке құрамға "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасының негізгі бағыттары да түсіндірілді. Қызметкерлерге қызметтік тәртіпті, заңдылықты сақтау және міндеттерін орындау барысында кәсіби талаптарды қатаң ұстану қажеттігі ескертілді.
Мұндай тексерулер полиция қызметкерлерінің тәртібі мен ұйымшылдығын нығайтып, бөлімшелердің алдағы қысқы кезеңде қызметтік міндеттерді орындауға дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Заң мен тәртіп – әрбір полиция қызметкерінің жеке жауапкершілігінен басталады!
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
21:13
Вчера
11:16
Вчера
В Alatau Hub в Конаеве стартовал хакатон Decentrathon 6.0
Новости компаний
21:13
31 октября
ТОП новости
Объявления
Комментарии