• Главная
  • "Шин-Лайн" компаниясы Қазақстан кәсіпкерлері күніне орай "Үздік өндірістік жоба" номинациясы бойынша марапатталды
Новости компаний
15:30, Вчера
Надежный источник

"Шин-Лайн" компаниясы Қазақстан кәсіпкерлері күніне орай "Үздік өндірістік жоба" номинациясы бойынша марапатталды

Новости компаний

«Шин-Лайн» компаниясы Қазақстан кәсіпкерлері күніне орай Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «ILE BUSINESS DAY – 2026» салтанатты іс-шарасына қатысты.

Компания өндірісті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Іле ауданы экономикасының өсуіне қосқан үлесі үшін «Үздік өндірістік жоба» номинациясы бойынша марапатталды.

"Шин-Лайн" компаниясы Қазақстан кәсіпкерлері күніне орай "Үздік өндірістік жоба" номинациясы бойынша марапатталды, фото-1

Іс-шара бизнес пен мемлекеттік органдар өкілдерін біріктіріп, өңірдің экономикалық әлеуетін таныстыруға және жергілікті кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттарын талқылауға арналған маңызды диалог алаңына айналды.

Іс-шара бағдарламасы аясында өткен жетістіктер көрмесінде «Шин-Лайн» компаниясы өз өнімдерін ұсынып, жоғары сапа стандарттарына деген ұстанымын көрсетті.

"Шин-Лайн" компаниясы Қазақстан кәсіпкерлері күніне орай "Үздік өндірістік жоба" номинациясы бойынша марапатталды, фото-2

Компанияның осындай ауқымды бастамаларға қатысуы өндірістік қуаттарды кеңейту, жаңа жұмыс орындарын ашу және отандық бизнестің позициясын нығайту арқылы Іле ауданының және жалпы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесін айқындайды.

«Біздің компания үшін осындай маңызды іс-шараға қатысып, Іле ауданы мен бүкіл Алматы облысының экономикалық әлеуетін нығайтуға үлес қосу - үлкен мәртебе. Біздің әрбір жетістігіміз өндірістің сапалы дамуы, жаңа мүмкіндіктер мен өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға деген ұмтылыстың нәтижесі», – деп атап өтті «Шин-Лайн» компаниясының вице-президенті Дамир Дигай.

"Шин-Лайн" компаниясы Қазақстан кәсіпкерлері күніне орай "Үздік өндірістік жоба" номинациясы бойынша марапатталды, фото-3

Форум қонақтары мен қатысушылары жергілікті кәсіпорындардың жетістіктерімен танысып қана қоймай, бизнес-қоғамдастықтың үздік өкілдерін марапаттау рәсіміне де қатысты.

«Шин-Лайн» компаниясының басшылығы мен ұжымы өңір мен ел игілігі үшін инновациялық дамуды, озық технологияларды енгізуді және мемлекеттік әрі қоғамдық институттармен тиімді ынтымақтастықты жалғастыруды көздейді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Сайт города Конаев

Комментарии

Объявления