• Главная
  • Қонаевта жүрекке күрделі операциялар МӘМС аясында тегін жасалады
21:29, Сегодня
Надежный источник

Қонаевта жүрекке күрделі операциялар МӘМС аясында тегін жасалады

Қонаев қаласында МӘМС аясында жоғары технологиялық операциялар жасайтын заманауи Кардиологиялық орталық іске қосылды.

2026 жылдың қараша айынан бастап Қонаев қаласында Алматы облысы тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік нысан – заманауи Кардиологиялық орталық жұмысын бастады. Мұнда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында жоғары технологиялық операциялар жүргізіледі.

Жаңа нысан – Алматы облысының денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі мамандандырылған медициналық мекемелердің бірі. Оның ашылуы жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерге жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін едәуір арттырып, диагностика мен емдеудің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Бүгінде жүрек-қантамыр ауруларының жиі кездесуі – денсаулық сақтау саласының алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Сондықтан облыс орталығында осындай заманауи клиниканың ашылуы – өңір тұрғындарының денсаулығын сақтау жолындағы маңызды қадам.

Жаңа мекеме 50 төсек-орынға шақталған және жүрек-қантамыр аурулары бар науқастарға тәулік бойы жоғары технологиялық жоспарлы және шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

Құрамына интервенциялық кардиология, аритмология, кардиохирургия, кардиологиялық реанимация және қарқынды терапия, функционалдық және сәулелік диагностика бөлімшелері кіреді.

Клиника заманауи ангиограф, ультрадыбыстық диагностика аппараттары, жүрек ырғағын бақылау жүйелері және кардиохирургиялық операцияларға арналған жоғары дәлдіктегі жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Мұнда миокард инфарктісі және инсульт кезінде шұғыл көмек көрсетіледі, коронарография, стенттеу, баллондық ангиопластика сияқты интервенциялық араласулар жасалады, жүрек ырғағының бұзылыстарын емдеуге арналған операциялар жүргізіледі, жүрекке ашық және аз инвазивті кардиохирургиялық операциялар жасалады, сондай-ақ операциядан кейінгі оңалту және диспансерлік бақылау жүргізіледі.

Барлық шұғыл көмек МӘМС шеңберінде тегін көрсетіледі. Бұл облыс тұрғындарына өз өңірінде сапалы ем алуға мүмкіндік береді.

Мекемеде жоғары санатты кардиологтар, интервенциялық кардиологтар, аритмологтар, кардиохирургтар, анестезиолог-реаниматологтар және тәжірибелі орта медициналық персонал еңбек етеді.

Жаңа нысанның ашылуы облыста кардиологиялық қызметті дамытуға, ерте диагностиканы күшейтуге, мүгедектікті төмендетуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Бұдан әрі базада профилактикалық акциялар, ашық есік күндері, тұрғындар үшін жүрек денсаулығын тексеру шаралары және медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарлары өткізу жоспарланып отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Әлуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Комментарии