Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына жыл басынан 3 мыңнан аса тұрғын тіркелген. Бүгінде мекеме барлығы 77 жарым мыңдай адамға медициналық көмек көрсетуде.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберінде 213 мыңға жуық қызмет көрсетілген. Олардың ішінде МРТ, Ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік томография, рентген, электрокардиограмма сынды тексерулер бар. Бұл туралы МӘМС қорының облыстық филиалы директорының дәрігерлермен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары кезінде айтылды.
Жиынға Қонаевтағы қормен келісімшарт жасасқан жекеменшік денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлері де қатысты. Оларға Тілеухан Әбілдаев қордың басты мақсаты халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамту екенін жеткізді.
Өз сөзінде Тілеухан Шілдебайұлы тұрғындардан түсетін арыз-шағымдарды азайту, халықты сақтандыру мәртебесі туралы, дәрі-дәрмекпен қамтылу, алдағы МӘМС жүйесіндегі өзгерістер, қаржыландыру тақырыптарына кеңінен тоқталды.
МӘМС КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі