МӘМС
10:57, 10 июня
Надежный источник
Басты мақсат – сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамту
МӘМС
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына жыл басынан 3 мыңнан аса тұрғын тіркелген. Бүгінде мекеме барлығы 77 жарым мыңдай адамға медициналық көмек көрсетуде.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберінде 213 мыңға жуық қызмет көрсетілген. Олардың ішінде МРТ, Ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік томография, рентген, электрокардиограмма сынды тексерулер бар. Бұл туралы МӘМС қорының облыстық филиалы директорының дәрігерлермен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары кезінде айтылды.
"Бүгін МӘМС жүйесін дамытудың жаңа бағыттары бойынша кездесу өтті. Бізге алда қандай өзгерістер енгізілетіні түсіндірілді. Бұл жүйені 2017 жылдан бері білеміз. Оның қалай дамығанын көрдік. МӘМС нәтижесінде біз денсаулық сақтау саласының алға жылжуын байқап келеміз.
Аурухананың материалдық қамтамасыз етілуі, дәрігерлердің еңбекақысының өсуі сынды. Мәселен, биыл емханамызға МРТ құрылғысы орнатылды", - дейді Қонаев қалалық аурухана директорының орынбасары Қайрат Иманғалиев.
Жиынға Қонаевтағы қормен келісімшарт жасасқан жекеменшік денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлері де қатысты. Оларға Тілеухан Әбілдаев қордың басты мақсаты халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамту екенін жеткізді.
"Кездесуде қордаланған проблемалар айтылды. Жүйенің аясындағы еліміздегі жаңалықтар енгізілген диагностикалық жаңа емдеу тәсілдері туралы, халыққа беретін мүмкіндіктері және болашақ жоспарлары туралы баяндадым. Дәрігерлер тарапынан бірқатар сұрақ қойылды. Біз Қонаевтағы медициналық мекемелерде қаржылық мәселелер жоқ екенін анықтадық", - деді қордың Алматы облыстық филиалының директоры.
Өз сөзінде Тілеухан Шілдебайұлы тұрғындардан түсетін арыз-шағымдарды азайту, халықты сақтандыру мәртебесі туралы, дәрі-дәрмекпен қамтылу, алдағы МӘМС жүйесіндегі өзгерістер, қаржыландыру тақырыптарына кеңінен тоқталды.
МӘМС КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Прокурор Алматинской области о ходе расследования убийства несовершеннолетнего Полата Шерзата
Прокуратура
21:54
Вчера
18:18
Вчера
Bereke Business: особое отношение к предпринимателям
Новости компаний
17:10
Вчера
13:38
Вчера
19:29
14 октября
Спецтема
Объявления
13:01, 3 октября
27
13:01, 3 октября
20
13:01, 3 октября
live comments feed...
Комментарии