18+

Алматы облысының оқушылары мектеп аулаларына 1000-нан аса құс ұясын орнатты

Аталған шара "Халықаралық құстар күніне" орай, Қонаев қаласының көпсалалы колледжінің базасында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qonaev-gorod  Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты орман шаруашылықтары-ның қолдауымен колледж студенттері өз қолдарымен 1000 торғай ұясын жасап, оларды мектеп оқушыларына табыстады.

Бұл эко-акция облыстың барлық аудандарында өз жалғасын табатын болады.