Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында берген тапсырмасы аясында, жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Алматы облысында "Ауылға кітап" жобасы екінші жыл қатарынан іске асырылуда.
Жоба шеңберінде шалғайдағы ауыл мектептері мен жастар орталықтарына соңғы шыққан әдеби және танымдық туындылар демеушілер көмегімен тегін таратылуда.