Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды Департамент баспасөз қызметі.
Қазақстан – жүзден аса ұлт пен ұлыстың бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан бірегей ел. Бұл – бейбітшілік пен келісімді, сыйластық пен ынтымақты ту еткен мемлекетіміздің басты құндылықтарының бірі.
Мерекелік іс-шара аясында департамент қарамағындағы мекемелер мен жеке құрам қызметкерлері әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық дәстүрлері мен мәдени құндылықтарымен танысты.
Шараның басты мақсаты – ел ішіндегі ұлтаралық келісімді дәріптеу, ҚАЖ саласындағы мәдени әртүрлілікті көрсету және ұлттар арасында бірлік пен татулықты нығайту болды.
Іс-шара барысында:
- ҚАЖД қазақ ұлтының салт-дәстүрін,
- №10 мекеме әзірбайжан халқының мәдениетін,
- №12 мекеме – орыс ұлтының ұлттық ерекшеліктерін,
- №14 мекеме – кәріс халқының әдет-ғұрыптарын,
- №49 мекеме – Беларусь мәдениетін,
- №57 мекеме – өзбек халқының салт-дәстүрін,
- №71 мекеме – ұйғыр ұлтының ұлттық мәдениетін көпшілік назарларына ұсынды.
Киім үлгілері, ұлттық тағамдар, салттық рәсімдер мен ән-билер арқылы қатысушылар өзге ұлттар туралы мол мағлұмат алып, Қазақстан халқының бай мәдени мұрасын тереңірек танып білді.
Іс-шара соңында қатысу қызметкерлер Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассаблеясының алғыс хаттарымен марапатталды.