Биылғы оқу жылында Еңбекшіқізаққа қарасты Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі студенттері үшін жаңа жатақханаға қолданысқа беріледі.
200 орындық нысан құрылысы "AMANAT" партиясы облыстық филиалы жанындағы "Жастарды қолдау" жөніндегі кеңеске таныстырылды. Қоғам белсенділерінен құрылған арнайы топ ғимараттың сапасын тексеріп,кем-кетік тұстарына ескертпелер берді.
Жоспарға сәйкес, ғимарат 31 шілдеде ел игілігіне тапсырылуы тиіс. Жиылғандар жобаның уақытынан кешіктірілмеуін тапсырды.