Алматы облысында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен күн сайын жоғары технологиялық операциялар жасалады, әрі мұндай бір операцияның құны 5,7 млн теңгені құрайды.
Барлығы ЖТМК-ге жыл басынан 129 пациент 738,4 млн теңгеге ем алған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте филиал директоры Тілеухан Әбілдаев айтты.
Сөзінше, 2025 жылы Алматы облысының денсаулық сақтау бюджеті 134,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде: 58,4 млрд теңге – МӘМС-ке, 76,3 млрд теңге –ТМККК-ге. Шығындардың басым бөлігі - стационарлық медициналық көмек көрсету шығындарына тиесілі. Олардың үлесі 17,2 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 0,4 млрд теңге күндізгі стационарлардың қызметі.
Тізе және жамбас буындарын ауыстыру оталары да халық арасында жоғары сұранысқа ие. Мәселен, 2025 жылы облыстың дәрігерлері жалпы құны 56,2 млн теңгеге осындай 26 ота жасаған.
Құрамына қымбат тұратын диагностика түрлері, бейінді мамандардың консультациялары, сондай-ақ зертханалық талдаулар кіретін КДҚ жоғары сұранысқа ие. Атап айтқанда, есептік кезең ішінде сомасы 304,1 млн теңгеге 22 242 компьютерлік томография қызметтері және сомасы 327,5 млн теңгеге 21 209 магниттік-томография қызметтері көрсетілді. Сонымен қатар стоматологиялық қызметтер саны да артып келеді: 1,4 млрд теңгеге 218,5 мың қызмет қамтылған.
Жалпы алғанда облыстың 793,5 мыңға жуық тұрғыны сомасы 16,9 млрд теңгенің 5,8 млн МСАК-та КДҚ қызметтерін алды.
Медициналық оңалту қызметтеріне де сұраныс артуда – көрсетілген кезең ішінде сомасы 540,6 млн теңгеге қызмет көрсетілген.
ӘМСҚ КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі