Халықты медициналық көмекпен қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі – медициналық сақтандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығы.
Осыған байланысты, 2026 жылғы қаңтардан бастап жарналар мен аударымдарды есептеу үшін қолданылатын табыс көлемінің жоғарғы шегі жаңартылады:
- Жұмыс берушілер үшін – 40 ең төменгі жалақы (ЕТЖ),
- Қызметкерлер үшін – 20 ЕТЖ.
Бұл - бастапқыда ұсынылған 50 ЕТЖ орнына қабылданған келісімді шешім, яғни жүйенің тұрақтылығын сақтай отырып, салық жүктемесінің шектен тыс өсуіне жол бермейді. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облыстық филиалының мамандары бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесуде айтты.