18+

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қолданылуына арналған семинар-кеңес №12 мекемесінде өтті

2025 жылғы 30 шілдеде Заречный кентіндегі №12 мекеме базасында Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Сабиров М.М.-нің төрағалығымен семинар-кеңес өтті.

Іс-шараға Алматы облысы бойынша ҚСжАЕЖК департаментінің өкілі қатысты.

Кеңес барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қолдану мәселелері қаралды. Атап айтқанда, "Е-Өтініш" ақпараттық жүйесінде өтініштерді тіркеу және қарау тәртібі, әкімшілік тыңдаулар өткізу, сондай-ақ белгіленген процессуалдық мерзімдерді сақтау мәселелері талқыланды.

Прокуратура өкілі ӘРПК нормаларын қолдануға қатысты өзекті мәселелер бойынша жан-жақты түсініктемелер беріп, жиі кездесетін қателіктер мен оларды болдырмау жолдарын түсіндірді.

Кеңес қорытындысы бойынша қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық қолдану тәжірибесінде бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған тиісті шешімдер қабылданды.