Алматы облысында мектеп оқушыларының профилактикалық медициналық тексерулері жалғасуда.
2025 жылдың 5 айында медициналық тексеруден өтуге тиіс 509 398 баланың ішінен 129 807 оқушы (21,8%) қамтылды.
Тексеру нәтижелері бойынша:
- 16 882 ауру дерегі анықталды (тексерілгендердің 13,6%-ы);
- 4 596 бала (анықталған аурулардың 27,2%-ы) динамикалық бақылауға алынды.
Аурушаңдық құрылымы:
- ас қорыту жүйесінің аурулары – 24,83% (оның ішінде кариес – 16,95%);
- қан және қан түзу мүшелерінің аурулары – 20,41%;
- тыныс алу жүйесінің аурулары – 12,76%.
Балалардың денсаулық топтары бойынша бөлінісі:
- I топ (дені сау) – 92 627 бала (71,36%);
- II топ (шағын ауытқулар) – 15 329 бала (11,81%);
- III топ (айқын ауытқулар) – 1 906 бала (1,47%);
- IV топ (ауыр аурулар) – 4 бала (0,001%).
Сауықтыру шаралары:
- Балаларды сауықтыруға жіберудің орташа облыстық көрсеткіші – 96,2%;
- Нақты сауықтырылғандар саны – 13 968 бала (94,2%);
- Сауықтыру түрлері: амбулаториялық – 97,1%, стационарлық – 1,4%, санаторий-курорттық – 1,5%.
Мектеп оқушыларын профилактикалық медициналық тексеру - балалар денсаулығын ерте анықтауға және алдын алу шараларын күшейтуге мүмкіндік береді.
Бұл жұмыс өңірдегі мектеп медицинасын дамыту мен салауатты ұрпақ қалыптастыруға бағытталған.