Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында 53 жастағы ер адамға жамбас буынын эндопротездеу бойынша ота сәтті жүргізілді. Пациент ұзақ уақыт бойы белі ауырып, өздігінен қозғала алмай жүрген.
Науқас ауруханаға айқын ауырсыну синдромымен және жамбас буынындағы қозғалыстың шектелуімен түсті. Консервативті ем нәтиже бермегендіктен, дәрігерлер ота жасау туралы шешім қабылдады.
Ота аурухананың травматолог-ортопед дәрігерлер тобының күшімен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында жүргізілді. Ота сәтті өтіп, асқынусыз аяқталды. Келесі күні-ақ пациент реабилитологтардың бақылауымен алғашқы қимылдарын жасай бастады.