1962 жылы туған науқас Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына сол жақ құлағынан жиі ірің ағуы және естуінің төмендеуі жөнінде шағыммен жүгінген. Осындай ауру белгілері оны көптеген жылдар бойы мазалап келген.
Жүргізілген тексеруден кейін науқаста II дәрежелі аралас есту қабілетінің төмендеуі және сол жақ құлақтың дабыл жарғағында перфорация (тесік) бар екені анықталды.
Оториноларингология бөлімінің мамандары дабыл қуысын тексеру арқылы тимпанопластика жасау туралы шешім қабылдады - бұл ота дабыл жарғағының тұтастығын қалпына келтіруге және есту қабілетін жақсартуға бағытталған. Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) аясында жасалды.