«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция мүшелері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Жанболат Жөргенбаев және Закиржан Кузиев Шамалған ауылындағы Үшқоңыр су шаруашылық колледжінде болып, педагогикалық ұжыммен кездесу өткізді.
Кездесу барысында 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары талқыланды. Сенаторлар жаңа Ата Заңның адамға бағдарланған сипаты, әділеттілік қағидаттарын нығайту, заң үстемдігін күшейту және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері туралы жан-жақты түсіндірді.