Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев "ДАМУ" индустриялық-логистикалық орталығының еңбек ұжымымен "Әділетті заң – тұрақты мемлекет негізі" тақырыбында кездесу өткізді, деп хабарлайды Qonaev-gorod Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында заң үстемдігі, әділетті қоғам қалыптастыру және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Облыс әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған "Заң мен тәртіп" қағидаты еліміздің тұрақты дамуының негізгі бағыты екенін атап өтті.
Әкім әділетті заң үстемдік құрған жерде кәсіпкерлік еркін дамып, инвестициялық ахуал жақсарып, қоғамда сенім мен тұрақтылық нығаятынын жеткізді.