Биыл Қонаевта 6,5 шақырымнан астам жаңа газ желісі тартылды.
Қонаевта көгілдір отынның инфрақұрылымын дамыту жалғасуда. 2 және 18-шағынаудандарда жаңа газ тарату желілері тартылып, 2 227 тұтынушыға табиғи газға қосылуға мүмкіндік жасалды. Оның 945-і бүгінде газға қосылған, деп хабарлайды Qonaev-gorod Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама аясында газбен жабдықтау жүйесін дамытуға 38 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.
2-шағынауданда төмен қысымды 4,5 шақырым газ желісінің құрылысы аяқталды. Мұнда орналасқан 36 үйдің 26-сы газға қосылған. Қалған үйлердегі ішкі монтаж жұмыстары жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталады деп жоспарлануда. 18-шағынауданда да 2 шақырымнан астам газ желісі салынды.