Алматы облысы Полиция департаментінің жеке құрамы қысқы киім үлгісіне көшті. Осыған байланысты департаментте полиция қызметкерлерінің саптық байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Полиция департаментінің бастығы қызметкерлердің сыртқы келбетін, қызметтік куәліктерін, нысанды киімдерінің толықтығы мен жағдайын жеке тексерді. Сондай-ақ қызметтік автокөліктердің техникалық жай-күйі және олардың қысқы кезеңде пайдалануға дайындығы назарға алынды.