Армия
22:03, 27 апреля 2023 г.
Надежный источник
Қонаевтың жастары Отарға борышын өтеуге аттанды
Армия
Бүгін Алматы облысынан 50 жас сарбаз оңтүстік өңірлік Қолбасшылығына қарасты (Отар) 75263 әскери бөліміне жіберілетін болады.
Тәртіп пен тәрбиені тұрақтылықтың кепілі санайтын аталмыш әскери бөлімде жас сарбаздар 1 ай алғашқы әскери дағдыларды үйреніп, содан соң ел мен жердің тыныштығы үшін қызмет ететіндіктері жөнінде ант қабылдайды.
Бүгін осы жастарды шығарып салу рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы, Алматы облысының Қорғаныс істер жөніндегі департаменті бастығы полковник Нұрбол Жұмшаханұлы, Қонаев гарнизонының бастығы гвардий полковнигі Аманкалиев Бейбіт Бүркітбайұлы, Қарулы Күштердің ардагерлері, Ауған және Тәжік – ауған соғысының ардагерлері, Қонаев қаласы орта мектептерінің оқушылары мен жас сарбаздары, ата – аналар қатысып отыр.
Ел мен жерді қорғап, бір жапырақ жерімізді жат елге бермеу ол сізбен бізге аманат. Дінмұхаммет Қонаевтай ер тұлғаның аты берілген қаламыздан алғаш рет салтанатты шарамен шығарып салу рәсімі өткізіліп отыр. Кешегі боз бала бүгінгі ел қорғаны.
Жанында қазақтың қаны бар, бойында қайтпас рухы бар жас сарбаздарға өз ақ тілегін алғаш болып Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев арнады.
Әскери сапында қызмет ету ер азаматтың ең жауапты маңызды сәті. Осы сәтті жастарымыз мәңгі есінде қалсын деген тілекпен келесі сөз кезегі Алматы облысының Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Нұрбол Жұмашханұлына берілді.
Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, Тәртіпке бағынған – құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды – демекші әскери қатарына аттанғалы отырған жастар 35 десанттық – шабулдаушы бригадасының қойын қолтық ұрысының көрсетілімін тамашалады. Салтанатты шарада патриоттық билер мен әндер айтылып, жас сарбаздарды шығарып салды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
16:24
Вчера
16:01
Вчера
12:53
Вчера
21:21
10 декабря
18:24
10 декабря
16:29
10 декабря
16:16
10 декабря
ТОП новости
В Алматинской области стартовал проект "Клиника одного дня"
Пренатальная диагностика
Спецтема
Объявления
15:02, 30 ноября
live comments feed...
Комментарии