
Конаев
13:16, 20 января 2024 г.
Надежный источник
"Жабайы саудамен" айналысқандарға базардан орын қарастырылып жатыр
Конаев

Бұған дейін хабарланғандай, Қонаев қаласындағы 3-ықшам ауданда белгіленбеген орындарда сауда жасайтындармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, саудагерлер көше бойындағы тауарларын жинап тастаған болатын.
Бүгін қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қайрат Омаров мәселенің түбегейлі шешілуі мақсатында саудагерлермен "Жетісу" базарында кездесу өткізді.
"Базар басшылығымен келіссөздер жүргізіп, кәсіпкерлер үшін арнайы орындарды белгіледік. Басшылық бұл жерде сауда жасауға 3 ай тегін орындарды ұсынды. Алайда, тұрғындар әлі де шешім қабылдаған жоқ. Себебі, олар біріншіден, жеке кәсіпкерлігін заң жүзінде тіркеуі керек. Қазіргі таңда, бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесті тексеруге мораторийдің уақыты аяқталды. Сондықтан барлығымыздың заң жүзінде жұмыс істегеніміз абзал болар еді", - деді бөлім басшысы.
Қайрат Омаровтың сөзінше, саудамен айналысатын зейнеткерлерге ерекше жағдай жасалмақ. Оларға 3 ай мерзім өткен соң, орын төлемін айлық немесе бір күндік етіп беру жоспарланған.
"Сонымен қатар қыс мезгілі болғандықтан, саудагерлердің көбі "қазір базарға келмейміз" деп отыр. Бұл мәселе де назарға алынды. Егер олар "Жетісу" базарына орналаспаса, "Алға" және "Айша сити" базарынан орындар қарастырылады", - деді ол.
Аталған бағыттағы жұмыстар ары қарай да жалғасын табады.
Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
16:54
Вчера
09:30
Вчера
12:40
9 сентября
Алматинская область сохраняет инвестиционную привлекательность: 293 проекта на 7,1 трлн тенге
Инвестиции
11:31
9 сентября
09:57
9 сентября
Shin-Line Group и AJISEN RAMEN планируют открыть до 50 ресторанов в Казахстане и странах Евразии
Новости компаний
08:48
9 сентября
ТОП новости
Марат Султангазиев освобожден от должности акима Алматинской области
Алматинская область
"Это было время больших возможностей" - Марат Султангазиев
Алматинская область
Объявления
11:20, Вчера
Комментарии