• Главная
  • Алматы облысындағы Наурыз қызықты болмақ!
Наурыз мейрамы
19:29, 14 марта
Надежный источник

Алматы облысындағы Наурыз қызықты болмақ!

Наурыз мейрамы
Алматы облысындағы Наурыз қызықты болмақ!

700 іс-шара, 2 миллион қатысушы, 15 850 жаңа ағаш отырғызу.

Алматы облысы және өңірдің екі миллион тұрғыны мен қонақтары, Наурыз мейрамын дәстүрлер мен жаңашылдықтарды үйлестіре отырып, ұмытылмайтын жаңа ауқымда қарсы алуда.

Облыс көшелері Наурыз мерекесінің жаңа логотипі бейнеленген жарқын плакаттармен безендіріліп, мейрамханалар мен дәмханалар, оның ішінде Қонаев қаласындағы атақты мекемелер келушілерге, ұлттық тағамдардан мерекелік ас мәзірлерін ұсынады.

Наурыздың 1 мен 25 күндері аралығында 92 ірі сауда орталығында "Наурыз сату" жеңілдік акциясы өтуде. Сонымен қатар 11-24 наурыз аралығында ірі сауда орталықтарының алдында "Наурыз қалашықтары" ұйымдастырылып, келушілер қазақтың киіз үйлерін, көрмелерін, жәрмеңкелер мен Тик-Токтағы фоторепортаждарды тамашалай алады.

Наурыздың 14-і мен 23-і аралығындағы Наурызнама онкүндігі жаңа дәстүрлер енгізіп, мерекені идеологиялық мағынамен, әр күнін тақырыптық бағыттарымен толықтырады:

14 наурыз: "Көрісу күні – Амал мерекесі" 3000 адам қатысатын кездесулермен мерекелік іс-шаралар және театрландырылған көріністер.

15 наурыз: Қайырымдылық акцияларымен және қарттар үйіндегі іс-шаралар

16 наурыз: 2000 адам қатысатын мәдени шаралармен көрмелер және концерттер.

17 наурыз: "Шаңырақ" атты отбасы құндылықтарына арналған байқаулар мен мерекелік жәрмеңкелер.

18 наурыз: "Ұлттық киім күні" және 500 адам қатысатын ұлттық киім үлгілерінің тақырыптық көрсетілімі мен челлендждері

19 наурыз: "Жаңару" күндері бағытында Алматы облысы бойынша 15 850 ағаш отырғызылып тазарту сенбілігі өтеді

20 наурыз: "Ұлттық спорт" тақырыбында ойындар ұйымдастырылады.

21 наурыз: "Ынтымақ" тақырыбындағы тұрғын үй кварталдарының ұлттық мерекелік іс-шаралары.

22 наурыз: "Жыл басы" атты бұқаралық шаралар, халықтық мерекелер мен мерекелік жәрмеңкелер.

23 наурыз: "Тазару" жалпыұлттық экологиялық және аумақтарды жаппай тазалау науқаны

Мерекелік шаралардан бөлек, Алматы облысының дамуы мен өркендеуінің символына айналатын, облыстағы дене шынықтыру-сауықтыру және спорт кешендерін, кәсіпорындар мен емдеу мекемелерін қамтитын жаңа нысандарды ашу жоспарлануда.

Алматы облысындағы Наурыз мейрамын тойлау, өңірдің мәдени мұрасының байлығы мен тұрғындарының бірлігін көрсететін жарқын және ұмытылмас оқиға болмақ. 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

live comments feed...