• Главная
  • МӘМС есебінен сәтті ота жасалды
11:59, 16 марта
Надежный источник

МӘМС есебінен сәтті ота жасалды

МӘМС есебінен сәтті ота жасалды

Қонаевтық дәрігерлер ауруханаға ауыр хәлде түскен 75 жастағы кейуананы өлім аузынан аман алып қалды.

Науқас бірнеше күн бойы үйінде өзбетінше емделген. Медициналық қызметкерлерге жүгінбеген. Аурухана қабырғасына түскен кезде жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Бірден зейнеткерге сараптама жүргізіліп, жедел панкреатитке шалдыққанын анықталды.

Дәрігерлердің айтуынша, әйелде перитонит, яғни ұйқы безінің қабынуының асқыну салдарынан жаңа ауру түрлері қосылған. Мамандар бірден МӘМС есебінен тегін түрде шұғыл ота тағайындапты. Отаны 30 жылдық еңбек тәжірибесі бар білікті дәрігер, аурухананың хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ринат Ажибиев жүргізген.

"Біздің бұл бағытта тәжірибеміз мол. Себебі, мұндай ауру тұрғындар арасында жиі кездеседі. Сәйкесінше, ота тағайындалатын науқастар саны да көп. Есебі жоқ. Бұл науқас ауыр хәлде келіп түсті. Қажетті емнің нәтижесінде біз азаматты аяқтан тік тұрғыздық. Амбулаториялық емін де алды", - дейді Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ринат Ажибиев.

Жалпы, хирургия бөлімінде күніне күрделі 4-5 ота жасалады. Мамандар барлығы МӘМС аясында тегін жүргізілетінін айтады.

МӘМС қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...