Қонаев қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Мақсат - жұмыс іздегендерге жол сілтеу. Жұмыссыздар мен жұмыс беруші арасында байланыс орнату.
"Qonaev Сity" сауда кешенінде өткен шараны мансап орталығы ұйымдастырды. Жәрмеңкеге 18 жұмыс беруші мекеме келген. Олар 100-ге жуық вакансияны ұсынды. Бір ғана "Наурыз Агро" ЖШС-не 40 жуық қызметкер қажет. Ал ішкі істер министрлігіне қарасты №57-ші мекемеде 10 бос жұмыс орны бар.
Қонаев қаласында жыл басынан 209 адам жұмыссыз санатына тіркеліпті. Бүгінде олардың 150-і мансап орталығынан кеңес алып, уақытша және тұрақты жұмысқа тартылған. Бүгінде облыс орталығында бос жұмыс орны да, жұмыссыз жүргендерде жетерлік. Сұранысқа сай талапта бар.
Өткен жылы Алматы облысындағы еңбек мобильдігі орталығына қарасты мансап орталықтары 92 жәрмеңке өткізді. 11 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылды.
Жәрмеңке барысында 7500 жуық адам кеңес алған. Нәтижесінде 2 мыңнан аса адам тұрақты жұмысқа, 92 азамат уақытша жұмысқа орналасқан.