Алматы облысында Дүниежүзілік тазалық күніне орай ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Экологиялық шараға өңірдің 40 мыңнан астам тұрғыны, еріктілер мен жастар қатысты.
Сенбілік барысында саябақтар, аулалар мен қоғамдық аумақтар қоқыстан тазартылды. Қонаев қаласында 200 түп алма ағашының көшеті отырғызылды.
Іс-шараға қатысқан Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов тазалық сақтау әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, тұрғындарды «Таза Қазақстан» бастамасына белсенді атсалысуға шақырды.